Мейрам Бегентаев Сәтбаев университетіне ректор болып тағайындалды

0
955

20 сәуірде Сәтбаев Университетінің ұжымына жаңа ректор таныстырылды.


Мейрам Бегентаев Сәтбаев университетіне ректор болып тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен республикалық конкурстық комиссияның шешімімен техникалық университеттің ректоры лауазымына Мейрам Мұхаметрахимұлы Бегентаев тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Мейрам Бегентаев – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты.

2001 жылдан бастап ол жоғары білім беру жүйесінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды;

Павлодар қалалық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005), "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008).

Соңғы екі жылдан бері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.