Мамыр мерекесінде «Red Bus» автобустарымен тегін экскурсия ұйымдастырылады

0
1 016

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.


Мамыр мерекесінде «Red Bus» автобустарымен тегін экскурсия ұйымдастырылады

ERNUR.KZ. Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жағалауға тегін аралай алады, деп жазады Елорда Инфо.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:

+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.30 (орыс тілінде);

- сағ. 12.45 (қазақ тілінде);

- сағ. 15.15 (орыс тілінде);

- сағ. 17.30 (қазақ тілінде);

- сағ. 19.45 (орыс тілінде).

Бұдан кейінгі аялдамалар: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 11.00 (қазақ тілінде);

- сағ. 13.15 (орыс тілінде);

- сағ. 15.45 (қазақ тілінде);

- сағ. 18.00 (орыс тілінде);

- сағ. 20.15 (қазақ тілінде).

Бұдан кейінгі аялдамалар: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.