Лисаковск қаласында отшашу аспанға емес, адамдарға атылды (видео)

0
901

​Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында болған оқиғадан адам зардап шеге жаздады.


Лисаковск қаласында отшашу аспанға емес, адамдарға атылды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған видеода аспанға атылуы тиіс отшашу құлап, жан-жаққа ұшырай бастағанын көруге болады, деп жазаады Экспресс К.



"Салют атқан кезде сақ болыңыздаршы! Сіз өзіңізден бөлек, жаныңыздағы адамдарға зиян келтіруіңіз мүмкін. Лисаковскідегі мынандай отшашу жерде атылып, адамды зақымдай жаздады", - делінген хабарламада.

Жаңа жылды мәз-мейрам болып тойлауды бастап кеткен жұрт, расымен, техника қауіпсіздігін ойлаған жөн. Мәселен, Таразда алаңға құрылған жаңа жылдық шырша өртеніп кетті.