Қызылордада қауын-қарбыз тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

0
744

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Қызылордада қауын-қарбыз тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында бақша өнімдерін тиеген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Жаңақорған ауданы орталығына жақын тұстағы Самара-Шымкент тас жолының бойында болды. Қауын-қарбыз тиеген «Газель» маркалы автокөлік құжаттармен бірге толық жанып кеткен.

Оқиға орнында N14 өрт бөлімінен 4 қызметкер мен 1 автокөлік барды. Сала мамандарының күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.