​Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

0
510

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


​Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазірге дейін Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.