Қостанайда жұмысшы лифтіден құлап қайтыс болды

0
435

46 жастағы тас қалаушы жұмыстағы ауысымнан соң, жылжымалы баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан.


Қостанайда жұмысшы лифтіден құлап қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай Қостанайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі "Береке" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы жергілікті "Алау" басылымы жазды.

"46 жастағы тас қалаушы жұмыстағы ауысымнан соң, жылжымалы баспалдақпен төмен түсіп келе жатып, 9-қабатта лифт шахтасына құлап кеткен. Қостанай облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті бұл фактіні растады", - делінген жазбада.

Қазір департамент қызметкерлерінің айтуынша, өндірістегі адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ол аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жіберіледі.