Қостанайда науқас адам дәрігерді соққыға жықты

0
437

Полиция келгенге дейін науқас қашып үлгерген.


Қостанайда науқас адам дәрігерді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Қостанайда дәрігерді ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады 24.kz.

3 мамырда түнгі сағат 23:50-де Қостанай қаласының 26 жастағы тұрғыны қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне түскен. Ер адамның білегінде кесілген жарақаты болған.

«Тексеру кезінде ол өзін агрессивті ұстады, нәтижесінде дәрігерге дене жарақатын салған. Полиция келгенге дейін науқас қашып үлгерді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.