Қостанайда әйел көпірден секіріп кетпек болған

0
2 018

Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен.


Қостанайда әйел көпірден секіріп кетпек болған

ERNUR.KZ. Қостанайда әйел көпірден секіріп кетпек болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полицияға тұрғындардан Қостанайдағы Үлкен көпірде бір әйел тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен.

Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні кешке Үлкен көпірде 32 жастағы тұрғын тұрған. Оны байқаған қала тұрғындары полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Қостанай қаласының 1990 жылы туған тұрғын полицияға сөйлесуден бас тартқан, өзін агрессивті ұстады. Бірақ соған қарамастан, олар сөйлесіп, оның мұндай әрекетінің себебін анықтап үлгерді», - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен.