Қостанай облысына қарасты ауылда екі тұрғынды өлтіріп кетті

0
387

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.


Қостанай облысына қарасты ауылда екі тұрғынды өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысына қарасты Надеждинка ауылында екі адамды өлтіріп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан бір адамның және далада, қар астынан тағы бір адамның мәйіті табылған.

«Табылған екі мәйіт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Әулиекөл ауданындағы жеке тұрғын үй өртеніп, анасы мен баласының көз жұмғанын жазған болатынбыз.