Коронавирустың таралуын тоқтату үшін 10 миллионнан астам қазақстандық вакцина алуы қажет

0
526

26 сәуірден бастап отандық вакцина салына бастайды.


Коронавирустың таралуын тоқтату үшін 10 миллионнан астам қазақстандық вакцина алуы қажет

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 10-11 млн адам вакцина алуы керек, деп жазады Stan.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева жымдық иммунитет қалыптастыруға қатысты сұраққа жауап берді.

Маман Қазақстан халқының жалпы санын ескере отырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 10-11 млн тұрғын вакцина салдыруы керек деп есептейді.

Бұған дейін ол әртүрлі вакцинаны араластырып салудың негізі жоқ екенін айтты.