Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек

0
2 475

Коронавирустан емделген оң күніне 1-2 рет аспирин ішетіндер бар, дейді дәрігер.


Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек

ERNUR.KZ. Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Коронавируспен ауырған адамның бойын әлсіздік билеп, күш-қуаты жетпейтін күй кешеді. Жұмыс істеу қабылеті төмендеп, ұйқысы қашады. Тіпті көру қабілеті, есту қабілеті, есте сақтау қабілеті төмендеп, психикалық мәселе туындайды. Күйзеліске түсіп кететіндер болады, сондай-ақ шаш көп мөлшерде түсе бастайды», - дейді Айнұр Тәуекелова Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек.


«Коронавирустан емделген оң күніне 1-2 рет аспирин ішетіндер бар. Құрамында аспирині бар дәрілерді қолдану қандай созылмалы ауруы бар екендігіне байланысты. Мысалы, науқастың қан қысымы жоғары болса – құрамында аспирині бар дәрілерді ұзақ уақыт бойы ішеді. Ал мұндай дерті жоқ, бірақ қаны қатты ұйып қалған болса – 1-3 ай аралығында ішеді. Қан құрамын үнемі бақылап отыруы керек. Коронавирус барлық созылмалы ауруды қоздырады. Иммунитет төмендеп кететіндіктен, қай жері әлсіз – сол жері ауыратын болады», - дейді ол.