Көлігі екі рет аударылған: белгілі әртіс жол апатына түсті

0
2 567

​Опера әншісі Мария Мудряк жолда өзіне көмек көрсеткен жанашыр қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.


Көлігі екі рет аударылған: белгілі әртіс жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Белгілі опера әншісі Мария Мудряк Павлодарға бара жатқанда жол апатына түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әншінің айтуынша, апатқа көктайғақ себеп болған.





"Біз Павлодарға үйге бара жатқан едік, көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті... Құдай сақтап, аман қалдық. Жолшыбай кетіп бара жатқан көліктердің бәрі тоқтады, 15 адам жабылып жүріп бізді шығарып алды", - деп жазды Мудряк.

Әнші өзіне қол ұшын созған жанашыр жандарға алғысын айтып, видео жариялады.

Желі қолданушылары әртіске денсаулық тіледі.

Мария Мудряк – Қазақстанның танымал опера әншісі. Аты аңызға айналған әнші Марчелла Поббе атындағы сыйлықпен марапатталған.