Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент уланып қалды

0
420

Дәмханада кешкі ас ішіп, суши жиынтығына тапсырыс берген 17 адам зардап шекті.


Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент уланып қалды

ERNUR.KZ. Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент сушиден уланып қалды. Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетауда 2 курс студенттері арасында жаппай тамақтан улану дерегі тіркелген. Бұл жағдайда дәмханада кешкі ас ішіп, суши жиынтығына тапсырыс берген 17 адам зардап шекті. Кейін кешкі ас ішкендердің барлығында жүрек айну, құсу, диарея және дене температурасының жоғарылауы туралы бірдей шағымдар болды.

«Санитарлық қызмет дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде аурудың таралуына ықпал еткен санитарлық ережелердің өрескел бұзылғандықтарын анықтады. Нақтырақ алсақ, технологиялық үрдіс сақталмағаны, ыстық сумен жабдықталмағаны, ыдыс - аяқты сапасыз өңделгені, тамақ өнімдерінде ішек таяқшасы мен стафилококк тобының бактериялары, өндірістік бақылау бағдарламасының объектісінде болмауы, өндірістік бақылау жүргізуге шарттың болмауы, қызметкерлерде стафилококк бары анықталды. Сонымен бірге, қызметкерлері медициналық тексерістен уақытылы өтпеген», - деп түсіндірді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері өңір тұрғындары мен қоанақтарына жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады.