Қазақтың қара домбырасын жерге ұрып сындырған жігіт көптің ашуын туғызды (видео)

0
10 369

Қастерлі домбыраны жас жігіт жерге ұрып сындырған.


Қазақтың қара домбырасын жерге ұрып сындырған жігіт көптің ашуын туғызды (видео)

Әлеуметтік желілер арқылы домбыраны жерге ұрып сындырғандардың әрекеті жазылған бейнежазба тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

TikTok желісіне @66seal аккаунты арқылы салынған бейнежазбада жартылай жалаңаш жігіт қазақтың қастерлі домбырасымен ән айта бастап, соңыра орнынан атып тұра сала ұлттық жәдігерді жерге бір ұрып сындырған.

Бейнежазбада байқалғандай, бірнеше жігіт көңіл көтеріп отырған секілді. Домбыраны сындырмақ болғанын бірі сезсе керек, "Керек емес!" ("Не надо!" - ред.) деп қалады. Дегенмен, оны тыңдаған басты кейіпкер жоқ, домбыраның күл-паршасын шығарып тастайды.


Бейнежазбаның қайда түсірілгені белгісіз. Дегенмен, TikTok желісіне @66seal аккаунтымен салынған видео астына "Астана", "Казахстан" хэштегтері белгіленген.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары наразылықтарын жазуда.