Қазақстанның солтүстігінде қар жауады – синоптиктер болжамы

0
1 113

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.


Қазақстанның солтүстігінде қар жауады – синоптиктер болжамы

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжауынша, ертең Қазақстанның солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, түнде соңы қарға ұласуы мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ жауады.
Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.
Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодардың орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі туындайды. Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.