Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің көпшілігі Қытай азаматтары

0
394

Елімізде жалпы саны 16 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді.


Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің көпшілігі Қытай азаматтары

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін елімізде 16,1 мың шетелдік азамат жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Басшы және олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтін шетелдіктердің саны бір жылда 1,7%-ға азайып, 647 адамға жетті. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларының саны 6,1%-ға, 3,2 мың адамға дейін қысқарды. Елімізде 7,7 мың өзге елден келген маман жұмыс істейді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1%-ға артық.

Корпоративтік қызметкер алмастыру аясында 718 білікті жұмысшы, 769 маусымдық жұмысшы, 2 мың адам жұмыс істеді. 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1,7 мың жұмыс беруші бар. Оларда 458 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді.

Елдегі шетелдік азаматтардың басым бөлігі Қытай азаматтары: 4,1 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 17,6%-ға артық. Сондай-ақ Түркия (2,1 мың адам) мен Өзбекстан (1,8 мың адам) елдері алғашқы үштікте. ТОП-5-ті Үндістан (1,2 мың адам) және Ұлыбритания (1 мың адам) жапты. 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша елімізге 7,2 мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,5%-ға аз. Оның ішінде 6 мың адам еңбекке қабілетті жастағылар: жылына 12,1% азайды.

Ең көп шетелден келгендер Маңғыстау облысында тіркелді – 1,3 мың адам. Алматы мен Шымкент те алдыңғы қатарлы үш аймақтың қатарында. Сырттан келгендер ең аз баратын аймақ Қызылорда облысы болды: бар болғаны 6 адам. 711 адам Қазақстанға жұмысқа, 209 адам оқуына байланысты (бір жыл бұрын тиісінше 1271 және 84 адам) келгенін көрсетті.

Ал 500-ден астам отандық жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті. Республика бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 11,9 мың фактісі анықталды. Оның 8,9 мыңы шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуы, 2809-ы шетелдіктердің заңсыз жұмысқа орналасу фактілері.