Қазақстанда тұмаудың екі түрі жүріп жатыр - ДСМ

0
830

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


Қазақстанда тұмаудың екі түрі жүріп жатыр - ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұмау маусымы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Эпидмаусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 2,9 млн жағдайы және тұмаудың 3009 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ОСК отырысында айтты, деп жазады stan.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұмаудың екі түрі таралған. Тұмау маусымы жыл сайын қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады.

“Республикада ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) және тұмау бойынша эпидемиологиялық маусым жалғасуда. Эпидмаусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 2,9 млн жағдайы және тұмаудың 3009 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда сыртқаттанушылық 20%-ға өсті. Бірақ желтоқсан айымен салыстырғанда қаңтарда сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады”, - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен тұмау маусымы жүріп жатыр.

“Жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау маусымы жыл сайын қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Биылғы маусым тұмау вирусының ерте айналымда болуымен ерекшеленеді.Бүгінгі күні тұмаудың 2 түрі А (А(H3N2), А(H1N1) және В түрлері кездеседі”, - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Вице-министр Парламент Мәжілісінің және маслихат депутаттарына кандидаттарды ұсыну кезіндегі ережелерді атады.

“Кандидаттарды ұсыну бойынша съезд, конференция өткізу кезінде кең үй-жайларды пайдалануды; үй-жайларда желдеткіш ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуді; R көрсеткіші бірден жоғары аймақтарда маска кию режимін сақтауды ұсынамыз”, - деді Айжан Есмағамбетова.