Қазақстанда тағы бір мейрам бекіту ұсынылды

0
581

​Кездесуге қатысқан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов альянс ұсынысына қатысты пікір білдірген жоқ.


Қазақстанда тағы бір мейрам бекіту ұсынылды

ERNUR.KZ. "Қазақстан студенттерінің альянсы" республикалық қозғалысының жетекшісі Ілияс Түстікбаев студент күнін ресми түрде бекітуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен болған кездесу кезінде студенттік альянстың басшысы жаңа мейрамды 14 сәуірге белгілеу қажеттігін айтты.

"Біз 17 қараша күні кездесіп тұрамыз. Ол күні әлем бойынша халықаралық студенттер күні аталып өтеді. Ал көрші Ресейде студенттер күні 25 қаңтарда тойланады. Себебі Ресей президенті осы мейрамды арнайы қаулымен бекіткен. Ал Қазақстанда ондай дата жоқ. Осыған байланысты 14 сәуірді ресми түрде Қазақстан студенті күні ретінде бекітіп, жыл сайын атап өтуді ұсынамыз", - деді Түстікбаев.

Оның айтуынша, студенттердің бөлек мейрамы бекітудің нәтижесінде жастардың бірлігі күшейе түседі. Олар төл мейрамында кездесіп, тығыз араласады. Жастардың патриотизмі де артады.

Кездесуге қатысқан білім және ғылым министрі альянстың ұсынысына қатысты пікір білдірген жоқ.