Қазақстанда тағы бір әуежайдың атауы өзгерді

0
521

ҚР Үкіметінің Қаулысы 2021 жылдың 28-сәуірі күні шыққан.


Қазақстанда тағы бір әуежайдың атауы өзгерді

ERNUR.KZ. Ақтөбе халықаралық әуежайы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы болып өзгертілді, деп жазады baq.kz.

ҚР Үкіметінің Қаулысы 2021 жылдың 28-сәуірі күні шыққан. №276 қаулыға сәйкес «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ-на Әлия Молдағұлова есімі берілді.

Жаңа қаулы 1993 жылы 8 желтоқсанда шыққан Қазақстан Республикасы «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңының 10 бабы, 4 бөлімі 1 тармағына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған.