Қазақстанда сотталғандар мейрамханадан ыстық тамаққа тапсырыс бере алады

0
903

Пилоттық жоба үш өңірде жүзеге асырылып жатыр


Қазақстанда сотталғандар мейрамханадан ыстық тамаққа тапсырыс бере алады

ERNUR.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов сотталғандарға арналған электрондық дүкендер сервисін енгізу, оларды жұмысқа орналастыру пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалаудың маңызды бағыты екенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2019 жылдан бастап сотталғандар үшін азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу жөніндегі мамандандырылған электрондық дүкендер қолжетімді. Мұнда тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылған, олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады. Тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады.

Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар. Сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пицца. Баға қолжетімді. Сотталғандардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электрондық дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті, ал байланыссыз жеткізу вирустың түзеу мекемесіне таралуына жол бермейді.

«2019 жылы біз ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады», - дейді комитет төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар, тағы 4 мекемеде жасалған меморандум аясында азық-түлік өнімдері мен сәлемдеме жеткізу жобасы іске қосылды. Мұнда туыстары сайтта қажетті тауарларды сатып алып, курьерлік қызмет арқылы мекемеге жеткізуге тапсырыс бере алады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарының ҚАЖД мекемелерінде төрт кәсіпкерлік субъекті («CONVEX CO» ЖШС, «VNIMANIE-Telecom» ЖШС, «Плехов SIZORDER» ЖК, «Сервис продукт» ЖШС) арнайы контингентке арналған азық-түлік өнімдері мен сәлемдеме жеткізу бойынша электрондық қызметтерді ұсынады.