Қазақстанда күн қайта жылынады

0
2 495

Тек аптаның басында республикамыздың шығысында, содан кейін батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтіледі.


Қазақстанда күн қайта жылынады
"Қазгидромет" орталығы мамандары 16-18 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Батыстан шығысқа қарай жылжыған көп қатпарлы ауа массасы Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасының жоғарылауына ықпал етеді деп күтіледі. Еліміздің көп бөлігінде антициклонның беті қайтып, ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады.
Тек аптаның басында республикамыздың шығысында, содан кейін батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтіледі.