Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны күрт көбейген

0
2 563

Пандемияға қарамастан, Алматы қалалық онкологиялық орталығының жұмысы азаймаған.


Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны күрт көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігі мен колоректалды қатерлі ісігімен ауыратындар саны артқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Скрининг жүргізу кезінде бастапқы сатыдағы қатерлі ісіктердің туындау саны да өскен. Керісінше, көзге көрінетін қатерлі ісіктің асқынуы азайып, 5 жылға дейін өмір сүру қабілеттілігі ұлғая түскен. Дер кезінде қаралып емделмесе, бұл науқастардың өмір сүруін мүмкіндігін қысқартады. Қауіпті дертпен ауыратын науқастар санының күн өткен сайын көбейіп жатқаны туралы Қазақстан бойынша онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды.

«Алматы қалалық онкологиялық орталығы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген онкологиялық аурумен күресу жөніндегі Кешенді жоспардағы іс-шарасының жол картасын жүзеге асырудағы барлық индикаторларға қол жеткізген. Осының негізінде қазір скрининг жүргізу саны да артып отыр. Өткен жылы тіршілік ету қабілеттілігінің үлес салмағы 53,5% мөлшерін құрады. Пандемияға қарамастан, Алматы қалалық онкологиялық орталығының жұмысы азаймаған. Өткен жылы тегін түрде 15 мыңнан астам КТ және МРТ тексерісі, өз ретімен тегін түрде 900 молекулярлық-генетикалық тексеріс, позитрондық-эмииссяилық томография жүргізілді. Сондай-ақ, өткен жылы халдері мүлдем нашар пациенттерге 4,5 мәрте мобильдік онкобригаданың шығуымен көмек көрсетілді. Іс-шара тарапында аса жиі кездесетін онкоаурулар белгіленді», - деп хабарлады Алматы қалалық онкологиялық орталығының баспасөз қызметі.

Жыл қорытындысы бойынша аурушаңдық құрылымы бойынша 1-орында сүт безінің қатерлі ісігі (15,7%), 2-орында терінің қатерлі ісігі (13%), 3-орында колоректальды қатерлі ісігі тұр. 2020 жылы Алматы қалалық онкологиялық орталығында 2,5 мың операция жасалған. Оның 70%-ы жоғары технологиялық тұрғыда өткізілгенін айта кеткен жөн.

Орталықта барлығы 14 546 пациент емделіп шығыпты.