Қазақстанда CNN телеарнасының өкілдігі ашылуы мүмкін

0
550

CNN тренинг ұйымдастыру, эксклюзивті ақпарат алмасу, CNN-нің Қазақстанда өкілдігін ашу сияқты ұсыныстарын жеткізген.


Қазақстанда CNN телеарнасының өкілдігі ашылуы мүмкін

ERNUR.KZ. «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли АҚШ-тың CNN International Commercial компаниясының стратегиялық серіктестік жөніндегі вице-президенті Константинос Ойкономоу, сондай-ақ контент сату және лицензия беру департаментінің директоры Валид Чамакпен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, әлемдік тележурналистикадағы үрдістер, жаңа технологиялар жайлы пікір алмастық. Костас Ойконому CNN телекомпаниясы Орталық Азияның, оның ішінде бірінші кезекте Қазақстанның медиа-ресурстармен әріптестік қатынас орнатып, нығайтуға мүдделі екенін жеткізді», - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, CNN тренинг ұйымдастыру, эксклюзивті ақпарат алмасу, CNN-нің Қазақстанда өкілдігін ашу сияқты ұсыныстарын жеткізген.

«Біз өз тарапымыздан олар ұсынатын қызметтерді саралап, агенттік мүддесіне сай келетін жобаларды бірлесе қарастыратын болып уағдаластық», - дейді «Хабар» басшысы.