Қазақстанда адамның иммундық мәртебесі туралы ақпарат қамтылған QR код енгізіледі

0
2 289

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда экономикалық және санитарлық шаралардың балансы негізінде жаңа нақтылық құру қажеттігін баса айтты.


Қазақстанда адамның иммундық мәртебесі туралы ақпарат қамтылған QR код енгізіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда адамның иммундық мәртебесі туралы ақпарат қамтылған QR код енгізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Пандемия басталғаннан бері 1 жылға жуық уақыт өтті. Жинақталған тәжірибе негізінде әрекет ету қажет. Бірқатар ел қазірдің өзінде белгілі бір шектеулер енгізу үшін негізгі критерий ретінде халықтың иммундық мәртебесін қарастырып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда экономикалық және санитарлық шаралардың балансы негізінде жаңа нақтылық құру қажеттігін баса айтты.

«Бұл үшін бізде отандық ІТ компаниялардың нақты әзірлемелері де бар. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бір ай мерзім ішінде эпидемияға қарсы шараларға теңгерімді әдісті қамтамасыз ету мақсатында иммундық мәртебе туралы ақпарат қамтылған QR код енгізу мәселесін пысықтау тапсырылады», - деді ҚР Президенті.