Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

0
2 557

​Қаржы министрлігі тасымалдаушыларды және шекарадан өткісі келетіндерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.


Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

ERNUR.KZ. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті 2021 жылы 8 наурызда жұмыс істемейді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Бұл шектеу Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты енгізілді", - деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.


Атап айтқанда, 8 наурыз күні адамдар, көлік құралдары, тауарлар шекара арқылы өткізілмейді.

Ведомство тасымалдаушыларды және шекарадан өткісі келетіндердің барлығын енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.