"Қазақстан аруы-2000" қатысушысының өліміне не себеп болғаны белгілі болды

0
477

Наталия Стешенко Павлодарда 1984 жылы туған. 2000 жылғы "Қарақстан аруы" байқауының қатысушысы.


ERNUR.KZ. Мәскеуде пәтерінен мәйіті табылған Наталия Стешенконың өліміне не себеп болғаны анықталды, деп жазады exk.kz.

Мk.ru мәліметінше, Стешенконың үйіне жедел жәрдем 28 қараша күні сағат 15:00 кезінде келген. Актрисаның 10 жасар ұлы көршілеріне барып, дәрігер шақырып беруді өтініпті. Ол анасының креслода отырып, кенеттен есінен танып қалғанын айтқан. Дәрігерлер әйелге көмек көрсетуге үлгермей қалды. Ақ халаттылар оның өліміне тромбоэмболия себеп болғанын айтқан. Марқұм бұрын-соңды денсаулығына шағым айтып көрмеген екен.

"Көршілерінің айтуынша, ол күйеуімен және баласымен бұл пәтерде он жылдай тұрған. 3 желтоқсанда 38 жасқа толар еді. "Луна" театрында 2006 жылдан бастап қызмет етті. Сахнаға соңғы рет 24 қыркүйекте шыққан. Күйеуі — белгілі саясаткер Владимир Семаго", деп жазады сайт.

Наталия Стешенко Павлодарда 1984 жылы туған. 2000 жылғы "Қарақстан аруы" байқауының қатысушысы. Ресейде театр және кино әртісі ретінде танымал.