Қашағанда жұмыс қайта жанданды

0
560

Қашаған кен орнында (9 тамыздан 10 тамызға қараған түні) өндіріс біртіндеп қалпына келе бастады.


Қашағанда жұмыс қайта жанданды

ERNUR.KZ. 2 тамызда Қарабатан зауытындағы 12 құбырдан газ шығып жатқаны белгілі болды. Құбырлардың бірі жарылған, деп жазады zakon.kz.

Қашаған кен орнында (9 тамыздан 10 тамызға қараған түні) өндіріс біртіндеп қалпына келе бастады.

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде газ шектеулі көлемде жағылады.

Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында кідірмелі режимде жүргізіледі.