Қарағандыда лифт құлап, бір адам көз жұмды

0
928

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Қарағандыда лифт құлап, бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Жекеменшік емхананың лифтісі құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі кісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп жазады exk.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиғадан зардап шеккен екі адам қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"19 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне зардап шегуші екі адам жеткізілді. 1948 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйел. Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды", - деп мәлімдейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.
Ауыр жараланған ер адамға шұғыл түрде операция жасалғанымен, қолданылған шараларға қарамастан қайтыс болған.
"Қазір осы оқиғадан зардап шеккен әйелдің денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқасқа қажетті ем жасалуда", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.