Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі табылды: қылмыстық іс жабылды

0
338

Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын.


Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі табылды: қылмыстық іс жабылды

ERNUR.KZ. Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп жазады tengrinews.kz.

"Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандардың өлімнің нақты себебін анықтай алмағаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесін орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын. Анасы мен қызы орманда қанша уақыт жатқаны белгісіз.