Қапшағайдағы казинолар миллиардтаған теңге салық төлемеген

0
2 650

Прокуратура өкілдері ойын мекемелерінің қызметін бұрын ешкім кешенді тексермегенін атап өтті. Тексеру кезінде 2019 жылдан бергі кезең қамтылған.


Қапшағайдағы казинолар миллиардтаған теңге салық төлемеген

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы Қапшағай су қоймасы аумағында орналасқан ойын мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп жазады zakon.kz.

Прокуратура өкілдері ойын мекемелерінің қызметін бұрын ешкім кешенді тексермегенін атап өтті. Тексеру кезінде 2019 жылдан бергі кезең қамтылған.

Казино мен ойын мекемелері алдын ала есептеулер бойынша миллиардтаған теңгеге салық төлеуден жалтарған. Қазіргі уақытта прокуратураның талабы бойынша салық қызметкерлері жоспардан тыс тексерулер жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде жалтарудың түпкілікті сомасы анықталады, – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.

Қадағалаушы органның мәліметінше, ойын автоматтарының барлық залдарында "Ойын бизнесі туралы" Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген, яғни клиентке 95%-дан кем емес ұтыс пайызының сәйкессіздігі анықталды.

"Шын мәнінде, ойын автоматтарының жеке залдарында келушілердің ұтыс пайызы 25%, 30% және 51% болған. Осы сәйкессіздік нәтижесінде ойын мекемелерінің үстеме кірісі 2,6 млрд теңгеден асты, бұл қаражат мекеме клиенттерінің ұтысы болуы тиіс еді", - дейді Алматы облысының прокуратурасы.

Қазір Туризм индустриясы комитеті прокуратураның талабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-бабымен мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жіргізіп жатыр. Бұл баптың санкциясында табысты тәркілеу және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру көзделген.

Ойын автоматтары залының бірінде ел аумағында тыйым салынған интернет-казинолардың жұмыс істеп келгені анықталды.

Бұл факт бойынша ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ойын бизнесі, еңбек заңнамасы, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар саласындағы бұзушылықтар да анықталды.

Прокуратураның талабымен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды тапсыру үшін тексеру жүріп жатыр.