Қайғылы оқиға Қосшыда 6 жастағы бала кәріз құдығына түсіп қайтыс болды

0
505

Баланың ол жерге қалай тап болғаны әзірге белгісіз.


Қайғылы оқиға Қосшыда 6 жастағы бала кәріз құдығына түсіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қосшыда кеше жоғалған 2016 жылы туған Бекболат Әбунәсір есімді бала көршісінің кәріз құдығына түсіп, қайтыс болғаны анықталды, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Ақмола облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Lider волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Ирина Серікпаева айтты.

"Бала кеше жобамен 16:00 кезінде жоғалған. Ата-анасы 19:30 кезінде полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары еріктілермен бірге іздеуге кірісті. Жақын аймақтың барлығын қарап шықты. Баланың денесі жеке үйдің кәріз құдығынан табылды", дейді Ирина Серікпаева.

Баланың ол жерге қалай тап болғаны әзірге белгісіз. Ақмола облыстық Полиция департаменті ресми ақпарат беруге уәде еткен.