Ит талаған баланың өлімі: Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары қызметінен кете ме

0
386

Ақтөбеде қаңғыбас иттердің саны күрт көбейген.


Ит талаған баланың өлімі: Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары қызметінен кете ме

ERNUR.KZ. Салдарынан жуырда өңірде қайғылы оқиға болды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің айтуынша әкімдік тиісті шараларды қолға алған, деп жазады Azattyq Ruhy.

Ақтөбеде бұралқы иттерге таланған 12 жастағы қыз баланың өлімінен кейін облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов тергеу нәтижесінде жауапты орган кәнілі деп танылса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинг юарысында облыс басшысы Оңдасын Оразалин орынбасарын әзірге қызметінен босатуға асықпайтынын жеткізді.

«Оны қызметінен босатуға да болады, егер осы шешім арқылы мәселе шешілсе. Қайтыс болған сәбиді біз кері қайтара алмаймыз. Өңірдің басшысы болғандықтан әр адамның тағдыры мен үшін қымбат. Соған байланысты ата-анасына да барып, көңіл айтып қайттым. Әрине біз болашақта тиісті шара қолданатын шығармыз. Тиісті қызметкерлерді де жауапқа тартатын болармыз. Бірақ құдайдан күшті емеспіз. Ал Жақсығали Иманқұловтың қызметінде қалуын, не қалмауын келешекте көрерміз. Ал қазір ол осы мәселені шешуде барын салып айналысып жатыр», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы қалалы жерде қаңғыбас иттердің саны күрт көбейгендігін айтты.

«Қолданыстағы заңға байланысты жұрттың көзінше атуға тыйым салынғандықтан, көшедегі иттердің саны көбеюде. Осы талапты білетін кей үйдің иелері де иттерін сыртқа шығарып жібереді. Сондықтан да иттердің саны күрт өсіп кеткен жағдай байқалды. Бұл орайда мен заң дұрыс, не дұрыс емес демеймін. Бәлкім бұл халықаралық талап шығар. Дегенмен біз жаңаша шараны ұйымдастыруымыз керек. Иттерді аулап, оларды ұстайтын мекемелермен келістік», - деді Оңдасын Оразалин.