Грекияда қазақстандық алмаға арналған ескерткіш орнатылды

0
603

Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарне қаласында 30 мыңнан астам қазақстандық гректер тұрады.


Грекияда қазақстандық алмаға арналған ескерткіш орнатылды

ERNUR.KZ. Грекияның Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдық мерейтойына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Онда Сиверс алмасы бейнеленген, деп жазады sputnik.kz.

Ескерткіште қазақстандық алманы Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағы орап тұр. Ерекше мүсін қоладан құйылды. Оны Қазақстаннан көшіп барған кәсіпкерлер Иоаннис пен Константин Петридистердің демеушілігімен жасап шығарды. Олар тарихи отанында "DKG Development" компаниясының негізін қалады.
Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарне қаласында 30 мыңнан астам қазақстандық гректер тұрады. Қала басшысы Спиридон Вреттос ескерткішті орнатуға бірден қолдау білдірді.
Ал жергілікті кеңес депутаттары оған орталықтан орын беруге бірауыздан шешім шығарды. Ескерткіш қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерде тұр.