«Google салығы» бойынша Қазақстан бюджетіне 3 млрд теңге аударылды

0
430

Ұлттық экономика министрлігінен мәлім еткендей, қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады.


«Google салығы» бойынша Қазақстан бюджетіне 3 млрд теңге аударылды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрық активтер басқармасының басшысы Нұржан Қуандықов «Google салығы» бойынша бюджетке түскен қаражат туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде еліміздің азаматтарына тауар өткізіп, қызмет көрсетіп жатқан 30-дан астам компания тіркелді. Аталған салық нормасы бойынша бірінші тоқсанда 2,6 млрд теңге төленді. Ал биылдың 8 айында бюджетке 3 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Екінші тоқсан бойынша салық төлейтіндер 25 тамызға дейін рәсімдерді жүргізе алады. Бұл салықты тек шетел компаниялары төлейді. Ал Қазақстан азаматтары осы салықты төлемейді», - деді Н. Қуандықов онлайн брифинг барысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Басқарма интернет желісінде Қазақстан азаматтарына тауар сататын шетел компаниялары төлейтін салыққа қатысты түсінік берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енді (Google салығы).

Ұлттық экономика министрлігінен мәлім еткендей, қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады.

Айта кетейік, ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% құрайды. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.