Франция соты Әблязовке қатысты сот ісін қайта бастау туралы қаулы шағырды - БАҚ

0
402

Шешімде 2017 жылғы 17 шілдеде Қазақстан билігі сотқа талап арыз берген кезде Әблязовке мәлімделген деректер бойынша ескіру мерзімі аяқталмағандықтан, қылмыстық қудалауды тоқтатуға негіз жоқ екені атап өтілген.

Франция соты Әблязовке қатысты сот ісін қайта бастау туралы қаулы шағырды - БАҚ

ERNUR.KZ. Францияның кассациялық соты апелляциялық соттың "Банк Туран Алем" (БТА банк) бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке қатысты сот ісін тоқтату туралы шешімін бұзды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Бас прокурордың шағымына байланысты сот Париж апелляциялық соты тергеу палатасының 2022 жылғы 13 қаңтардағы шешімінің барлық тармағының күшін жою туралы шешім қабылдады және істі қайта қарауды талап етеді", - делінген құжатта.