Франция президентінің арнайы өкілі Қазақстанға келеді

0
397

Бұл туралы 31 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.


Франция президентінің арнайы өкілі Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Франция президентінің арнайы өкілі Қазақстанға қызметтік сапармен келеді деп жазады Stan.kz

Бұл туралы 31 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"6 сәуірде Франция президентінің арнайы өкілі Изабель Дюмонның Қазақстанға сапары өтеді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Изабель Дюмонтпен кездесуі жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келгені хабарланды.