FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты: рейс кешігіп жатыр

0
449

Компания рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті.


FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты: рейс кешігіп жатыр

ERNUR.KZ. Ұшақтың құстармен соқтығысуына байланысты Семей – Алматы рейсі кешігіп жатыр, деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясы, деп жазады sputnik.kz.

"9 маусым күні орындалатын КС7152 Семей – Алматы рейсі ұшақтың құстармен соқтығысуына байланысты кешіктірілді. Рейс жергілікті уақытпен бүгін сағат 22:30-да ұшады деп жоспарланған", - делінген хабарламада.
Компания рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті.
Әуе компаниясы тарапынан рейс жолаушыларына:
екі сағаттан артық кешіктірілген жағдайда – жолаушылар алкогольсіз сусын, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады;
төрт сағаттан артық кешіктірілсе – ыстық тамақ ұсынылады.
бес сағаттан артық кешіккен кезде бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.