Ердоғанның дәрігері ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарды - БАҚ

0
2 453

Ұшақ бортындағы қазақстандық сәбидің жүрек ұстамасы болған.


Ердоғанның дәрігері ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарды - БАҚ

ERNUR.KZ. Түркиялық депутат әрі дәрігер Режеп Шекер ұшақта қазақстандық нәрестенің өмірін құтқарып қалды. Ұшақ Ыстамбұл - Бішкек бағытында ұшып бара жатқан, деп жазады tengrinews.kz.

Ұшақ бортындағы қазақстандық сәбидің жүрек ұстамасы болған. Жолсеріктер сол сәтте Режеп Шекерден көмек сұраған.

"Стюардесса келіп, борттағы нәрестеге көмектесуімді өтінді. Баланың пульсі болмады, ол көгеріп, жүрегі тоқтап қалды. Мен жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс бердім, сол сәтте нәресте өзін жақсы сезіне бастады", - деді Реджеп Шекер.

Ұшақ Анкарадағы Есенбога халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны атап өтілді. Қонғаннан кейін нәресте ауруханаға жеткізілген. Режеп Шекер нәресте егіздердің бірі екенін, ал оның анасы қазақстандық екенін айтты.

БАҚ мәліметінше, Режеп Шекер - Түркия ұлттық жиынының депутаты, ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның дәрігері.