Ер адам астаналық әйелге АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған

0
427

Заңға сәйкес мұндай қылмыс үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ер адам астаналық әйелге АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған

ERNUR.KZ. Астана тұрғынынан АИТВ инфекциясының анықталуына байланысты дертті қасақана жұқтыру дерегі бойынша тергеу басталды, деп жазады ulysmedia.kz.

“Время” басылымының жазуынша, Ақмола облысында АИТВ инфекциясының алдын алу және күрес орталығының қызметкерлері Астана тұрғынынан АИТВ инфекциясын анықтады. Белгілі болғандай, әйел қауіпті инфекцияны 2014 жылы жұқтырған ер адаммен бірге тұрады.

Ақмола облыстық АИТВ орталығында есепте тұрған ер адам қатерлі дерті жайлы әйелден жасырып келген.

Полиция адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру дерегі бойынша тергеу бастады. Заңға сәйкес мұндай қылмыс үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті тек бір жағдайда ғана, серігіне дерт туралы алдын ала хабарлап, бірақ серіктесі өз еркімен келіссе ғана босатылады.