Енді баланы ЖОО-да оқыту үшін ақшаны сақтандыру компанияларына салуға болады

0
555

Жинақталған қаражат тікелей университетке аударылады.


Енді баланы ЖОО-да оқыту үшін ақшаны сақтандыру компанияларына салуға болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда ЖОО-да оқу үшін қаражат жинауға мүмкіндік беретін жаңа тетік пайда болды. Енді ерікті білім беруге арналған жинақтаушы сақтандыру қоры болады, деп жазады stan.kz.

Ол депозит механизмі бойынша жұмыс істейді, ал ата-анасы қайтыс болған немесе мүгедектікке ұшыраған жағдайда сақтандырылады. Алайда, сарапшылардың айтуынша, мұндай ұзақ мерзімді салымдарды бәрі бірдей тарта алмайды.

Қазақстандықтар ерікті білім беру жинақтаушы сақтандыру аясында оқу ақысын төлей алады. Бұл қызмет 8%-дық жылдық мөлшерлемесі бар депозит ретінде жұмыс істейді. 5%-дық мемлекеттік сыйақы қарастырылады. Шот ашу үшін сақтандыру компаниясына хабарласып, университетті таңдап, оқу шығындарын жабу үшін қажет соманы анықтау керек. Бала бірінші сыныпта оқып жатса да, шот ашуға болады, ол сақтандырылады.

“Егер ақша жинаған ата-ана қайтыс болса немесе бірінші, екінші дәрежелі мүгедектік алса, онда сақтандыру ұйымы сол сәтте оны сақтандырады. Сақтандыру шарты бойынша жинағысы келген барлық төлемдер студентке төленеді”, – деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі актуарлық есептеулер сқармасының бас маманы-актуарийі Гүлфариза Азиз.

Жинақталған қаражат тікелей университетке аударылады. Ал жинаған сома оқу құнынан асып кетсе, қалғанын алуға болады. Ал студент оқудан шығарылса, оның қайта түсуіне үш жыл мүмкіндік бар. Әйтпесе ата-ана мемлекет сыйлықақыларын қайтаруға мәжбүр болады.

Грантқа түскен кезде жинақталған қаражатты екінші балаға бағыттауға немесе қолма-қол алуға болады.

Мамандардың айтуынша, бүгінде баланы университетке ақылы бөлімге оқуға жіберу қиын. Өйткені қымбат. Ал грантқа орын шектеулі. Сондықтан үкімет оқу ақысын арзандату мәселесу ретінде онлайн оқытуды қарастырады. Сонда аудиторияларға ақша кетпей, жатақханаларға және жол жүруге ақша үнемдеуге болады.

“Шетелде онлайн-дипломдар кәдімгі дипломдарға тең, мұны тек білім алу тәсілі ретінде қарастырады. Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына сәйкес келгіміз келсе, тез ұйымдастырушылық әдістемелік шаралар қабылдауымыз керек”, – деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Нүркен Халықберген.

Маманның айтуынша, онлайн оқыту офлайн форматқа қарағанда әлдеқайда арзан. Американың жоғары оқу орындарында оқу шамамен 60 мың доллар, ал онлайн оқу тек 3-4 мың доллар тұрады.