Елордада лифт ішінде дәрет сындырған қыз ұсталды

0
385

Сот шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.


Елордада лифт ішінде дәрет сындырған қыз ұсталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда лифт ішіндегі бейне бақылау камерасына қыздың лифт ішінде дәрет сындырған сәті түсіп қалған. Тексеріс нәтижесінде сақшылар қоғамдық тәртіпке бағынбаған қызды ұстады, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, жігіт өзінің құрбысымен бірге "Комфорт Де Люкс" кешеніне "испаниялық чизкейк" тапсырысын жеткізіп жүрген. Осы кезде қыз лифт ішінде дәрет сындырған.

Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған.

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.