Елімізде шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салу ұсынылды

0
438

Шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек.


Елімізде шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, президенттікке экс-кандидат Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп жазады stan.kz.

Ол осы мәселе бойынша журналисттердің қойған сауалына жауап бере отырып, ұсынысты қолдау үшін жұмыс істейтінін айтты.

"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын. Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді Әбден.