Елбасыға қатысты заң күшін жойған соң Назарбаевқа тиесілі сайттың атауы өзгерді

0
563

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты elbasy.kz деп аталатын.


Елбасыға қатысты заң күшін жойған соң Назарбаевқа тиесілі сайттың атауы өзгерді

ERNUR.KZ. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы сайт атауын өзгертті. Мұндай шешім күні кеше күші жойылған заңға байланысты болып отыр, деп жазады exk.kz.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты elbasy.kz деп аталатын. Енді ол nazarbayev.kz деп ауысқан.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасыға қатысты заң күшін жойғаны туралы жазған болатынбыз. Яғни, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.