Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы көлік қағып кетті

0
560

Наурыздың 1-і күні таңертең жасөспірім мен бес жасар баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті.


Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Салдарынан екі бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп жазады Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Екібастұз қаласында сағат 07:45-те М. Жүсіп пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болды.

"33 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 2007 және 2017 жылы туған балаларды қағып кеткен", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер көлік арнайы айып тұрағына қойылғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.