Дұрыс тамақтану пән ретінде мектеп қабырғасында оқытылады

0
618

Оқушыларға арналған дұрыс тамақтану жобасы әзірге Алматы мен Астана қалаларының мектептерінде жүзеге асырылуда.


Дұрыс тамақтану пән ретінде мектеп қабырғасында оқытылады

ERNUR.KZ. Алматыда Қазақстанның мектеп оқушыларына арналған «Салауатты тамақтану» атты оқу әдістемелік кешені таныстырылды. Жоба бастауыш сыныптан бастап балалардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға бағытталған, деп жазады 24.kz.

Мемлекеттік ұйымдардың жүргізген зерттеулері еліміздегі мектеп жасындағы әрбір үшінші баланың асқазан-ішек жолдары ауыратынын көрсеткен. Ал әрбір 5-ші бала семіздіктен зардап шегеді екен.

«Сондықтан білім беру жүйесіне дұрыс тамақтануды үйрететін бағдарлама қажет», – дейді мамандар.

"Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешен Тағамтану академиясының мамандарының көмегімен әзірленді. Бағдарлама балалардың жасына сай ағзаның қажеттілігін ескере отырып жасалған. Қазірдің өзінде 2-ші сыныпқа арналған кешен мектептерде элективті пән ретінде оқытылуда. Сабақтарды үйде ата-аналарымен бірге порталдан онлайн форматта оқуға мүмкіндік бар", - дейді қалалық Білім берудегі жаңа технологиялар әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі, Татьяна Ежова.

Балаларды дұрыс тамақтануға үйрету жақсы бастама. Алайда, оны іс жүзінде көрсету қалыс қалмауы керек, - дейді тағамтану саласындағы ғалымдар.

Атап айтқанда, мектеп асханалары дұрыс тамақтанудың нақты үлгісі болу керек. Аспаздар мен технологтар балалардың ас мәзірінің ерекшелігін ескеруі тиіс. Тіпті, елімізде денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бастауыш сынып оқушыларының арнайы тамақтану стандарты бар. Өкінішке орай, мектеп асханалары оны басшылыққа ала бермейді.

"Стандарт бойынша баланың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін ескере отырып таңғы, түскі, кешкі ас мәзірлері жасалған. Сондай-ақ шикізат мөлшері, азық-түлік құрамы көрсетілген. Егер осы стандартты барлық мектеп асханасы ұстанса, онда балалар денсаулығына қатысты мәселе аз болса да шешімін табар еді", - дейді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, Юрий Синявский

Оқушыларға арналған дұрыс тамақтану жобасы әзірге Алматы мен Астана қалаларының мектептерінде жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта елміздің басқа да өңірлері қамтылатын болады.