Дәрі құйып, нәжіс жаққан: Екібастұзда әйелін қорлаған тұрғын қамауға алынды

0
637

Ер адам – деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы.


Дәрі құйып, нәжіс жаққан: Екібастұзда әйелін қорлаған тұрғын қамауға алынды

ERNUR.KZ. Екібастұздық тұрғынының бұрынғы әйелінің үстіне дәрі құйып, нәжіс жағып қорлағаны анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 29 қаңтарда Екібастұз қаласының полициясына әйел адам көмекке жүгінген.

«Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайына жанжал шығарғанын анықтап, қорғау ұйғарымын шығарған. Алайда 29 қаңтарда 47 жастағы ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан. Осылайша қорғау ұйғарымын бұзған», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ер адам – деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы. Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.