«Далада түнеп жүрген»: Алматы облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

0
462

Еріктілер тауып алған жасөспірім ата-анасымен тұрудан бас тартқан.


«Далада түнеп жүрген»: Алматы облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қыркүйекте жоғалып кеткен 14 жастағы баланы 26 қазанда еріктілер тауып алған. Жасөспірім осы уақыт бойы далада түнеп, адамдардың көзіне түспеуге тырысып жүрген.

«Талғар ауданы Сақтан ауылында кәмелетке толмаған бала табылды. Белгілі болғандай, бала 40 күннен астам уақыт бойы ата-анасынан жасырынып жүрген. Ол егіс алқабында тұрып, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Баланың әкесі көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдіргенімен, жасөспірімнің өзі қуанбаған.

Белгілі болғандай, бұған дейін де бірнеше рет үйінен қашып кеткен жасөспірім ата-анасымен тұрудан бас тартқан. Сондықтан облыстық қорғаншылық және қамқоршылық департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналдық полиция өкілдері комиссия құрып, баланың алдағы тағдырын шешетін болады.