Челахтан әлі жауап алынған жоқ – бас прокуратура

0
507

Челах арыз бойынша өз түсініктемесін берген.


Челахтан әлі жауап алынған жоқ – бас прокуратура

ERNUR.KZ. Арқанкерген ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтан әлі жауап алынған жоқ. Арызы бас прокуратураның қарауында. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Айтуынша, Челах арыз бойынша өз түсініктемесін берген.
"Челахтың арызы біздің қарауымызда жатыр. Нәтижесі бойынша оған жауап береміз. Одан жауап алынған жоқ", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Владислав Челахтың мәлімдемесі тарады. Ол Арқанкергендегі оқиға шын мәнінде қалай болғанын айтамын деп мәлімдеген еді.
2012 жылы шекарашы Владислав Челах 14 әскери қызметші мен бір қорықшыны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.