Бос жұмыс орындарын хабарламаған мектеп басшылары жауапкершілікке тартылады – министр

0
770

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына ескерту жасады.


Бос жұмыс орындарын хабарламаған мектеп басшылары жауапкершілікке тартылады – министр

ERNUR.KZ. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жасырған мектеп басшылары жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Кей мектеп директорлары бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы жарияламайды немесе жасыруға тырысады. Алайда педагогтерді жұмысқа қабылдаудың заңда бекітілген тәртібі мен жауапкершілігі бар. Бос орындар туралы ақпарат 5 күннен кешіктірілмей жарияланып, конкурс арқылы білікті мұғалімдерді ғана жұмысқа қабылдау керек. Осы тәртіпті бұзған мектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертемін», - деді Асхат Аймағамбетов.