Әзербайжан қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесін үйренуге ниет білдірді

0
514

Әзербайжан қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесін үйренуді жоспарлап отыр.


Әзербайжан қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесін үйренуге ниет білдірді

ERNUR.KZ. Ол үшін алдағы уақытта әзербайжандық мұғалімдер Қазақстанға келеді, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар қазақстандық оқушыларды оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеп, отандық мектептердің жұмысымен танысады. Бұл туралы Әзербайжанның Білім министрі Эмин Амруллаев Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесуінде айтты.

Ол қазақстандық мектептердің жұмысы ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. Сонымен қатар Эмин Амруллаев қазақстандық колледждердің сапалы жұмысына да назар аударды. Ол колледж студенттерінің халықаралық WorldSkills байқауындағы нәтижелеріне тоқталды. Білім министрлігінің басшысы Оқу-ағарту министрлігінің олимпиада қозғалысын Қазақстанда да, республикадан тыс жерлерде де дамыту үшін жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті.

Біз Қазақстан ұйымдастыратын оқушылар арасындағы олимпиаданың бірде-бірін жіберіп алмағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Әрине, көргеніміз өзіміз үшін өте қызық. Себебі сіздерде WorldSkills қозғалысы (колледж студенттері арасындағы әлем чемпионаты) ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде дамыған. Бізге Қазақстанның тәжірибесін зерттеуге уақыт керек. Мүмкін кейбір командалар біздің балалармен бірге жаттығады. Мысалы, физика, информатика, математика пәндерінен олимпиадаларда. Біз елімізде STEAM фестивалін өткіземіз және оған қазақстандық мектептерді қатысуға шақырамыз. Менің ойымша, мектептермен бірлесіп жұмыс істеу бізге қызықты болады. Қазан айында мұғалімдеріміз Қазақстанға келіп, әріптестерінің тәжірибесін үйренуі үшін тиісті құжаттарды жібере аламыз, - деп айтты Әзербайжанның Білім министрі Эмин Амруллаев.

Ол сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан үшін аймақтық білім беру платформасын құру идеясы туралы айтты. Қазірдің өзінде Әзербайжан, Түркия, Грузия және Беларусь елдері осы бағытта ынтымақтастық орната бастады.

Сонымен бәрге ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Ведомство басшысы еліміз қазақстандық балалардың STEAM фестиваліне қатысуына жағдай жасайтынын және әзербайжандық мұғалімдер үшін таныстыру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.